Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева Павлодар облысына жұмыс сапары аясында аймақ активімен кездесу өткізді. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар қалалық және облыстық мәслихаттарының депутаттарымен кездесу барысында облыстық заң шығару органдары мен парламенттің жоғарғы палатасының өзара іс-қимылына қатысты мәселелер қаралды.
Депутаттар Сенат спикеріне амбулаторлық көмек көрсету тарифтерін арттыруға, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты облыстың аса маңызды мәселелері туралы айтты.
Сонымен қатар, кездесуде экологиялық мәселелерге, соның ішінде өнеркәсіптік өндірістен ластану мәселесіне назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Дариға Назарбаева табиғатты қорғау қызметін қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Ол бүгінгі таңда экологияға зиян келтіретін кәсіпорындарға айыппұл аз салынатынын атап өтті.Спикер бұл мәселені шешу қажет деп санайды.
“Бұл айыппұлдар қайда кетип жатыр, олар қайда жиналады, кімнің иелігіне түседі? Бұны біз Үкіметпен талқылауымыз керек. Облыста орналасқан кәсіпорындардың эмиссияларынан жиналатын ақшаның көп бөлігі облыста қалып, табиғат қорғау іс-шараларына қолданылуы керек”, – деді Назарбаева.
Сурет: zakon.kz