Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Дариға Назарбаева еліміздің астанасында өтіп жатқан қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік саммит аясында Иордания ханшайымы, қатерлі ісікті халықаралық бақылау Одағының президенті Дина Миредпен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Сенат төрағасы мен Иордания Хашимит Корольдігінің ханшайымы Тұңғыш Президент Қоры Король Хусейннің қатерлі ісікпен күресу ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын қарастырды.
Дариға Назарбаева сұхбаттасушыға Тұңғыш Президент Қоры түрлі бағыттар бойынша жобаларды, соның ішінде денсаулық сақтау мен жастардың ғылыми зерттеулерін қаржыландыратынын айтты.
“Қордың директоры ретінде біздің ұйымдардың ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Біз онкология мәселелерін зерттеу саласындағы жұмысымызды күшейтсек, игі болар еді”, – деді Назарбаева.