Қазақстан Сенатының басшысы Дариға Назарбаева Қазақстанды цифрландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны шұғыл түрде қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
Сөз “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы туралы болып отыр. Назарбаеваның айтуынша, бұл мемлекеттік бағдарлама төтенше жағдай кезі бойынша тексеруден өткен жоқ.
“Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен электрондық қызметтердің жұмыс істеуінде көптеген проблемаларды шыққанын мойындау керек. Бұл “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы дағдарыс көрсетіп берген мәселелерді ескере отырып, шұғыл қайта қарауды қажет етеді”, – деп мәлімдеді Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.
Сондай-ақ, Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы сенаторлар цифрландыру бойынша бағдарламаны қайта қарау қажеттілігін бірнеше рет көтергенін еске салды.
“Біз қазірдің өзінде бюрократияның ел экономикасы мен басқару жүйесін цифрландыру бойынша жұмысты жеделдетуге деген қызығушылығының төмендігін айтып, статистикада тәртіп орнату туралы сөз қозғадық. Енді біз көп күте алмайтынымызды көріп отырмыз. Әрекет етуіміз керек”, – деді Дариға Назарбаева.
Сурет: ru.sputniknews.kz