Қазақстан Республикасының бақылау-өткізу пункттерінің дамымаған инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге мүмкіндік бермейді, деп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов ағынан жарылды.
“Бірқатар БӨП өткізу қабілетінің төмендігі Ресей Федерациясымен, Өзбекстанмен және Қырғыз Республикасымен шекараға өту кезінде адамдар мен көліктің жиналуына алып келеді, бұл республиканың көлік-логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға, сондай – ақ аймақтық және халықаралық сауданы кеңейтуге кері әсерін тигізеді”, – деп атап өтті Нұрсипатов Сенат отырысы барысында.
Сондай-ақ, ол шекарадағы негізгі өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсарту мәселесі көптеген жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтты, алайда ол түрлі алаңдарда, мемлекет басшылары мен шекара маңындағы елдердің премьер-министрлерінің ресми кездесулері мен сапарлары аясында бірнеше рет көтерілген болатын.
“Жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерінің көпшілігі жиырма жылдан астам уақыт бұрын орнатылған және жабдықталған. Бүгінде олардың инфрақұрылымы қазіргі заманғы нормаларға сәйкес келмейді, сондай – ақ транзиттік ағынның жоғары деңгейін ескермейді”, – деді ол.
Осыған байланысты Нұрсипатов осы мәселені шешу бойынша ел Үкіметінің кешенді көзқарасын ұсынуды сұрады.
“Бар мәселелерды шешу үшін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жайластыру саласында мемлекеттік саясаттың басты бағыттары бойынша Үкіметтің кешенді пайымдауын, осы пункттердің инфрақұрылымын құру, ұстау және дамыту бойынша функцияларды бір мемлекеттік органға жүктеуді, сондай – ақ Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігі стратегиясының бір бөлігі ретінде мемлекеттік шекара саясаты тұжырымдамасын әзірлеу мен қабылдауды сұраймыз”, – деп атап өтті сенатор.
Сурет: kaztag.kz