Белгілі сатирик және «ән жанрының әртісі» өзінің эпатажды музыкалық шығармаларымен танымал Семен Слепаков өзінің кезекті «Ауыр жыл» атты туындысымен ютубта ең көп тыңдалғандар қатарында .
Бұл ән бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдеріне әлеуметтік желілер арқылы таралып, көрермендерге ұнады. Әнші Ресейдегі өтіп бара жатқан жылдың жаман жақтарын әніне қосса да, бұл тақырып бұрынғы кеңестік республика елдері үшін де өте өзекті екен.
Сондықтан да, нормативтік емес лексикаға толы бұл әнді әлеуметтік желілерді пайдаланушылар бірден «Жаңа жыл әнұраны»деп атады. Бұл музыкалық композицияда биліктің алдағы кезеңдегі халықтың жағдайын жақсартуы туралы уәделері және биылғы жылдың қиындықтары жайында сарказммен айтылған.
Қазақстандық әлеуметтік желілерді пайдаланушылар да шет қалмады және бұл роликті өз беттеріне белсенді түрде орналастырып, оған түрлі түсініктемелер берді.
«Шынында да жыл сайын бір өзгеріссіз. Алайда, келесі жылы біз барлық қиындықтарды еңсеріп, жаңа жетістіктерге жетеміз», – дейді шенеуніктер. Ал шын мәнінде еш үміт жоқ», – дейді тараздық желі пайдаланушы Ермек Аринов.
«Бұл біз туралы ән! Қай жерде болмасын орасан зор өзгерістер туралы, , әлемнің ең дамыған 30, 20 еліне кіруі туралы, біз барлық жерде, бүкіл ғаламшарда алдамыз, ал өмір сүру нашар және нашарлап барады», – дейді Қарағандыдан келген Андрей Соловьев.
Біз де сіздің көңіліңізді көтерейік деп және жаңа 2019 жылмен құттықтау үшін осы ерекше бейне роликті қоюды ұйғардық!
Сурет: lenta.ru