Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Семейде мас полицей дәрігерлерге шабуыл жасады

7 года назад
В Семее пьяный полицейский напал на врачей

Шығыс Қазақстанда полицияның қатысуымен кезекті жанжал орын алды.

Семей қаласының желілік полиция бөлімінің бастығы алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланып, денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырған. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін желілік полиция бөлімінің бастығы медиктерді соққыға жықты.

Агрессивті полицей қызметінен айырылды. ІІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша «Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығына қатысты полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы көлікте қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, тергеу аяқталғанша ол қызметінен шеттетілді».

Мұндай жағдайлар дәстүрге айналып келеді. Тіпті сау полицейлер де осындай істерге жиі барады, тек олар жазаланбайды.

Мысалы, қыркүйек айында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Өскемен қаласының тұрғыны Анатолий Сергеевты соққыға жыққан. Қылмыстық іс қозғалғанына, бейнекамераның жазбаларына және медициналық қорытындыларға қарамастан тергеудің әлі де нәтижесі жоқ, ал полиция қызметкері сол жерде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен адам былай деді: «Егер өз тарапымнан бір адамды алақаныммен соқсам, мені бірден отырғызар еді. Ал бұл шенеунік адамды ұрып-соғып, анық дөрекі шабуыл жасап, ауланың ортасында, отбасының, балалардың алдында қастандық жасаса да әлі күнге дейін қызмет атқарады».

Өскемендегі осы оқиғаның куәгері Диляра Сейілханова: «Мен тыңдап тұрдым. Ол: -«бұл менің қалам, мен сені осы жерде қалдырмаймын»- деп, жұдырықтап сілкілеп, ұрды» — дейді.

Сурет: OCA телеарнасының Youtube арнадағы скриншоты

 

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ақтөбе мектебінің төбесі құлады.

Келесі

Назарбаев ағылшын тілімен қатар қытай тілін үйренуге шақырды

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.