Semey Bus автобус паркінің 40-қа жуық қызметкері Семейде ереуіл ұйымдастырды. Азаматтар жалақы бойынша қарызды төлеуді талап етті.
Ашуланған азаматтар парктің кіреберісіне жиналып, жағдайды шешу үшін басшылықпен кездесуге ниет білдірді. Жұмысшылардың айтуынша, қазір олар ақшаға мұқтаж, ал жалақы кешіктіріліп жатыр.
Сондай-ақ, автобус паркінің қызметкерлері карантин режиміне байланысты оларды жартысы ақысыз демалысқа жібергенін айтты.
“Мен үш жарым ай бойы жұмыс істемедім, ақша жоқ. Мұндайға қалай төзуге болады? Біз жалақымызды сұраймыз. Күн сайын “ертең” деп шығарып салады”, – дейді кондуктор Шолпан Сергазина.
Ереуіл өткен жерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жиналған жүргізушілер мен автопарктің кондукторларын қақпа маңынан кетуін талап етті.
Автопаркке кіре берісте жұмысшылар шамамен бес сағат тұрып, содан кейін тарады. Олар тікелей басшысымен кездесе алмады.
Алайда, осыдан кейін автобус паркінің наразы қызметкерлерімен диспетчер байланысқа шығып, жақын арада жалақы болатынына уәде берді.