Ресей Сбербанкінің басшысы Герман Греф коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Банктің халықаралық желісін қысқарту жоспарында жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Герман Греф бүгінгі таңда Сбербанктің 17 елде, оның ішінде Қазақстан Республикасында, еншілес банктері мен филиалдары бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол қазір індетке байланысты Сбербанк қызметкерлерінің 70 %-ы қашықтық форматта, ал 30 %-ы кеңседе жұмыс істеп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, ол барлық топ-менеджерлердің 70%-ы қашықтан жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Герман Грефтің айтуынша, қалғандары кеңседе жұмыс істеуде.
Сбербанктің басшысы қызметкерлердің жұмыс форматын өзгерту жоспарланбағанын, бірақ шілдеде қашықтықта жұмыс істейтіндердің саны өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.
Қазір Ресей Федерациясында міндетті немесе ұсынымдық өзін-өзі басқару режимі елдің барлық өңірлерінде жұмыс істейді.
Сурет: Aif.ua