Белгілі саясаттанушы, Интеграция перспективаларын зерттеу орталығының бас директоры Сергей Рекеда Қазақстанда митингілер мен жиналыстар өткізуге қатысты заң жөнінде өз пікірін білдірді. Бұл туралы zakon.kz жаңалықтар ресурсына хабарлайды.
Саясаттанушы осы заңмен енгізілген өзгерістер митинг үшін құқықтық кеңістікті кеңейтуге бағытталған міндеттерге сәйкес келеді деп есептейді.
Сонымен қатар, Сергей Рекеда осындай өзгерістер енгізе отыра біздің республикамыздың басшылығы Қазақстанның саяси дамуына кедергі болмайтын ымыраға келуге тырысуда.
“Бұл қадамдар коронавирус пандемиясы мен экономикалық проблемаларға байланысты халық арасындағы психологиялық шиеленіс жағдайында көптеген қауіп – қатерлермен ұштасқан ең қолайсыз жағдайда қабылданды”,-деді саясаттанушы.
Сонымен қатар, Сергей Рекеда қазіргі таңда кейбір сыншылар заңнаманы одан әрі ырықтандыруды, атап айтқанда митингілер мен жиналыстар өткізудің толық хабардар ету тәртібін талап ететініне назар аударды. Алайда, саясаттанушының пікірінше, мұндай талаптар мемлекеттің митинг ісіне әсерін төмендетеді.
Сурет: azh.kz