Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында біздің республикамыздың көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі аптада елдегі жағдайды жақсартуды тапсырды, әйтпесе қазіргі құрамындағы Министрлер Кабинетінің одан әрі жұмысы туралы мәселе туындайды.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасына танымал саясаттанушы Қаныш Төлеушин өз ойын білдірді. Ол елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін екі апта жеткілікті деп санайды.
Сонымен қатар, ол екі апталық мерзім медициналық инфрақұрылымды эпидемияға қарсы іс-қимылға дайындауға, атап айтқанда, қосымша аурухана орындарын ашуға және халықты қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Саясаттанушының пікірінше, біздің Үкімет екі апта ішінде эпидемиологиялық жағдайды түзете алады.
“Менің ойымша, қазіргі үкімет пандемияны жеңе алады. Қазір өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады. Жағдайды дұрыстайтын, болжам жасап, шұғыл шаралар қолдана алатын мамандар жоқ”, – деді ол.
Қаныш Төлеушин жақын арада Қазақстан Республикасының өңірлерінде кадрлар жаңартылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.