Фейсбук әлеуметтік желісінде, астана сауда- ойын-сауық орталығының төбесінен үлкен шар құлағаны туралы хабарлама пайда болды. Бұған дейін де интернетте басқа сауда-ойын-сауық орталығында қызға үлкен жасанды пальма құлап кеткенін хабарлаған болатын. Екі оқиға да 8 наурызда болды, деп хабарлайды nur.kz.
8 наурызда әйелімен бірге “Азия Парк” сауда-ойын-сауық орталығына гүл сатып алу үшін келген Марат Раимханов жұбайынан қасына күтпеген жерден үлкен шар төбеден құлап кеткенін айтты. Келушінің пікірінше, құлаған нысан баланы өлтіруі мүмкін еді.
Сол күні “Хан Шатыр” сауда-ойын-сауық орталығында қызға үлкен декоративті пальма құлап, зардап шекті. Зардап шеккен адамды ауруханаға алып кетті.
Желі пайдаланушылардың бірі, Астана қаласындағы Достық-Плаза сауда-ойын-сауық орталығында, екі әйел мен баланың басына төбеге ілінген балеринаның фигурасы құлап кеткенін хабарлады.
Сурет: Facebook.com