Сауд Арабиясы билігі 22 мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының, азаматтары үшін туристік виза беруге тыйым салды. Бұл туралы Сауд Арабия сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Сауд Арабиясының СІМ өкілдері визаны беруден бас тарту коронавирустық инфекцияның енуі мен таралуына байланысты деп түсіндіреді.
Қазақстаннан басқа Қытай, Иран, Италия, Корея, Жапония, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Пәкістан, Ауғанстан, Ирак, Филиппин, Сингапур, Үндістан, Ливан, Сирия, Йемен, Әзірбайжан, Өзбекстан, Сомали және Вьетнам азаматтарына виза беруді тоқтатты.
Бұрынырақ Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов елімізге Қытай инфекциясының енуін жоққа шығармады, өйткені коронавирусты жұқтыру медицинаның даму деңгейіне байланысты емес. Алайда, Қазақстанда оның орын алмауы үшін барлық шаралар қабылдануда.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, біздің республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Сурет: m.ru.sputniknews.kz