Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Берік Арын Мекке провинциясының губернаторы ханзада Халед бен Аль-Фейсал бен Абдель Азизу ал Саудпен кездесті. Бұл туралы ҚР сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Сауд қарым-қатынастарына қатысты мәселелерді қарастырды,атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу аясында Қазақстан елшісі біздің еліміз Сауд Арабиясымен саяси және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мекке провинциясының басшылығына Умру мен Хаджда қажылық жасайтын еліміздің азаматтарына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, біздің елші ханзада Халед Әл-Фейсалды Қазақстан Республикасында болып жатқан негізгі ішкі саяси оқиғалар туралы хабардар етті.
Кездесу соңында Мекке провинциясының губернаторы оның елі Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.