Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің өкілдері Ресей Саратов қаласында Достастыққа қатысушы елдердің санитарлық қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өткенін айтты.
ТМД Атқару комитетінің ақпараты бойынша, қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуда өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралған отырыста Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова және Ресей бейінді ведомстволарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында оның қатысушылары санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың ынтымақтастығы туралы келісім құжаттарын қабылдады.
Бұдан басқа, ТМД Атқару комитетінің ақпаратына сәйкес, жоғарыда аталған отырыста “ТМД-ға қатысушы елдердің аумағындағы обаның табиғи ошақтарында эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу”ұсыныстары талқыланды.