«Ranking.kz» аналитикалық агенттігі Қазақстан Республикасында жұмысшылардың ай сайынғы еңбекақысы көбейгенін, 2019 жылдың бірінші тоқсанында қызметкердің айлық орташа жалақысы 168,5 мың теңгені құрағанын хабарлады.
Талдау агенттігінің қызметкерлері жыл бойы Қазақстанда айлық жалақы 10,5 пайызға артқанын хабарлады.
Агенттік қызметкерлерінің айтуынша, ең жоғары жалақы көрсеткіші Атырау облысында тіркелген. Мұнда адамдар орта есеппен 322,7 мың теңге алады. Жалақы бойынша екінші орында Маңғыстау облысы. Бұл облыста адамдар орта есеппен 287,9 мың теңге алады.
Қазақстан астанасы бұл тізімде үшінші орынға ие болды. Елордада адамдар орта есеппен 233,5 мың теңге алады. Төртінші орында Алматы,мұнда адамдар орта есеппен 205,3 мың теңге алады.
Агенттіктің мәліметінше, ең аз орташа жалақы Түркістан облысында, мұнда адамдар орташа есеппен 109 мың теңге алады.