Биылғы жылдың соңғы он айында біздің республикамызда шағын бизнеспен айналысатын компаниялардың саны 2,3%-ға артты. Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда 440 мыңға жуық шағын кәсіпкерлік компаниясы тіркелген.
Сарапшылар шағын бизнес компаниялары біздің еліміздің барлық аймақтарында ұлғайғанын айтып отыр. Алайда, ең елеулі өсім Нұр-Сұлтанда тіркелді–15,1%.
Елордадан кейінгі екінші орында Түркістан облысы шағын кәсіпкер компаниялардың өсуі бойынша рейтингте 14,5%-ды құрады. Үшінші орын Шымкентке бұйырды-14,4%.
Статистикаға сәйкес, шағын бизнеспен айналысатын компания санының неғұрлым аз өсуі Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.
Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкер компаниялардың жартысынан көбі белсенді болып табылады. Өсім туралы айтылатын болса, бір жыл ішінде олардың саны 4,5%-ға 160 мыңға дейін өсті.