Қазақстан бюджетінің мұнай кірістерінен тәуелділігі өсуде. Мұндай пікірді экономист Мұрат Темірханов білдірді. Ол мұнай қатысты есем тапшылық бойынша бар деректерге түсініктеме берді.
“Мұнайға қатысты емес тапшылық ел бюджетінің мұнай кірістеріне
қаншалықты байланысты екенін көрсетеді. Неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мақсат-5-6 пайызға жақындау”, – деп түсіндірді сарапшы. Сонымен қатар, ол, бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылық 2018 жылы шамамен 6,9 пайыз болады дейтін, Дүниежүзілік банктің мәліметтерімен келіспейтінін айтты. “Өткен жылы Дүниежүзілік банк мұнайға қатысты емес тапшылықты 12,8 пайызға бағалады. Үш триллион банк секторын құтқаруға жіберліді. Осы жылға арналған Үкімет жоспары 7,4 пайыз болды. Егер бюджетті дұрыс есептесе, біздің бағалауымызша, мұнай тапшылығы биылғы жылы 9 пайыз болады”, – деді ол.
Ұлттық қорды пайдалануды шектеп, басқа көздерді белсенді пайдалану бізді алаңдатады. Біз қаржы секторына көмек көрсетіліп жатқанын көріп отырмыз”, – деді сарапшы.
Айта кетейік, 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы 4,419 триллион теңгені немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 6,9 пайызын құрайды. Бұл ретте бюджет тапшылығы 979,017 миллиард теңгені немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 1,5 пайызын құрайды. Сондай-ақ 10% – ға жетуі мүмкін сыртқы қарыздарды төлеу бюджетке қысым көрсететін болады.
Сулет: tengrinews.kz