Қазақстандық “Қазавтожол” ұлттық компаниясының өкілдері Қазақстанда Самара-Шымкент республикалық автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан шетелдіктер зардап шеккенін хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, автобус жүргізушісі жылдамдығын асырып, жүк көлігіне соқтығысқан. Автобуста болған 75 адамның 72-сі Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Апат салдарынан екі адам зардап шекті.
Апатқа қатысты барлық адам эвакуацияланды, олардың екеуі, аяқтары сынған деген болжаумен, Арал аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі анықталуда.
Сурет: sputniknews.kz