Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Сайлау алды науқанда он мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды

6 года назад
Во время предвыборной кампании опубликовано более десяти тысяч информационных материалов

Сайлау алдындағы үгіт кезінде қазақстандық БАҚ-тарда 16 мыңнан астам ақпараттық материал жарық көрді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның бұл пікірі президент сайлауына азаматтар мен БАҚ тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін дәлелдейді. Үгіттеу кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі барлығы 802 бұқаралық ақпарат құралдарын бақылады.

Оның ішінде: 17 республикалық телеарналар, 66 республикалық баспа басылымдары, 30 өңірлік телеарналар, 519 өңірлік баспа басылымдары, 30 радиоарна және 140-тан астам интернет-ресурстар.

— Министрлік ОСК-мен бірлесіп сайлауға дайындық және оны өткізу барысы туралы сайлаушыларды хабардар ету бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Жалпы, БАҚ-та сайлауға қатысудың ұйымдастырушылық, құқықтық, рәсімдік аспектілерін халыққа түсіндіруге арналған 5 мыңға жуық материал жарияланды. Сондай — ақ, республикалық және өңірлік телеарналарда ОСК 13 бейнеролигі ротацияланды, — деді ол.

Оның айтуынша, уәкілетті орган үшін ең маңыздысы бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету болды. Министрліктің екінші міндеті сайлау науқанына қатысатын барлық президенттікке үміткерлердің жұмысын тең жағдайда жария ету болды. Бұл сайлау алдындағы үгітке де, үміткерлердің қызметін жаңалық және талдау блоктарында жариялауға да және жалпы ақпараттық алаңда жария етуге де қатысты.

Бұл жерде сайлау заңнамасына сәйкес үгіт материалдарын БАҚ-та орналастыру үшін алаңдарды таңдау мәселесі президенттікке кандидаттар штабтарының айрықша өкілеттігіне жатқызылғандығын ескеру қажет. Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу мәліметтері бойынша заң талаптары республикалық деңгейде толық көлемде орындалғанын айтуға болады, — деді ол.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, 6 маусымға қарай кандидаттар мен олардың сайлауалды штабтарының қызметі бойынша БАҚ-қа 11 мыңнан астам материал жіберілген.

— Республикалық телеарналар бойынша кандидаттарды жариялау бірқалыпты өтті. Орташа алғанда, әрбір үміткердің үлесі шамамен 14,3%-ды құрады. Жалпы 2 мыңнан астам материал шықты. Республикалық баспасөз басылымдары бойынша президенттікке үміткерлердің үлесі 13,5-тен 17%-ды құрады. Әрине, ең көп материалдар интернет-ресурстарда жарияланды — 6 мыңға жуық материал. Барлық үміткерлердің үлесі 13-17 % — деді вице-министр.

Ол мониторинг нәтижелері бойынша үгіт кампаниясы аясында барлық кандидаттардың сайлауалды штабтарында түрлі ақпараттық стратегиялар болғанын атап өтті. Кейбір штабтар әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда ақпараттық жұмысты шоғырландыруды жөн көрді,басқалары дәстүрлі медиа-ресурстарда жұмыс істеуге ықыласын білдірді.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Алматыда қару жеткізу арнасы тоқтатылды

Келесі

Қазақстан Президентінің сайлауында 51 елде дауыс беруге болады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.