“Протон-М” зымыран тасығышын мұқият тексеру барысында кейбір ескертулер анықталды, осыған байланысты зымыранды ұшыру резервтік уақытқа ауыстырылуы мүмкін. Бұл туралы “Роскосмостың” баспасөз қызметі жазады.
“Роскосмостың” қызметкерлері қазіргі уақытта “Протон-М” ғарыштық мақсаттағы зымыранын соңғы тексеру жүргізілетінін айтты.Мамандар, сондай-ақ, “Спектр-РГ” ғарыш аппаратын және басқа зымыран-тасығыш жүйелерін тексеруде.
“Жер үсті сынақтарының соңғы кезеңін өткізу кезінде зымыран-тасығыш бойынша ескерту анықталды, оны жою үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл мәселе Байқоңырдағы Мемлекеттік комиссияның отырысында қаралатын болады, онда негізгі немесе резервтік уақытта іске қосу бойынша түпкілікті шешім қабылданады”, – деп хабарлайды “Роскосмос” қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын зымыранның ұшырылуы, тексеру барысында табылған кейбір проблемаларға байланысты,12 шілдеге ауыстырылған болатын.
“Роскосмостың” бас директоры Дмитрий Рогозин зымыранды ұшыру Ғаламды зерттеуді жалғастыру үшін өте маңызды екенін, сондықтан осындай мұқият диагностика жүргізілетінін мәлімдеді.