Роскосмос өкілі Анатолий Красников Байқоңыр ғарыш айлағында “Бәйтерек”деп аталатын жаңа зымыран кешенінің құрылысына қатысты жобаға түсініктеме берді.
Красниковтың мәлімдеуі бойынша, Роскосмос бұл жобаны оң бағалап, “Союз-5” зымыран-тасығыштары ұшырылатын “Бәйтерек” зымыран кешенінен зор мүмкіншілік көреді.
Бұл ретте жаңа зымыран кешені Қазақстан мен Ресейдің қажеттіліктері үшін ғана емес, коммерциялық мақсаттарда да пайдаланылатын болады, бұл белгілі бір уақыт ішінде жобаны ақтауға мүмкіндік береді.
“Біз бұл кешеннің жақсы мүмкіндіктері бар деп санаймыз, ұсыныстар сұранысқа ие болады және осы жерден, Қазақстан жерінен “Союз-5″ зымыран тасығышы мен коммерциялық жүктемелер ұшырылады”,-деді Роскосмос өкілі.
Бұған дейін Анатолий Красников Байқоңырда жаңа зымыран кешенінің құрылысы Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің бақылауында екенін, соның арқасында осы жобаны іске асырушылардың туындаған мәселелерді шешуде біршама қолдауы бар екенін айтты.
Сурет: sputniknews.kz