Биылғы жылы РФ Қорғаныс министрлігі Байқоңыр ғарыш айлағынан соңғы ғарыш аппараттарын ұшыруды жүзеге асырады. ҚР ҚМ Tengrinews.kz сауалына жауабында, ресейлік ғарыш әскерінің Байқоңырдан Плесецк ғарыш айлағына толық көшуі, ғарыш айлағының қызметіне қалай әсер ететінін айтты.
2008 жылдан бастап Байқоңырда РФ Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері жоқ, бірақ ведомствоның мүддесінде одан ғарыш аппараттары іске қосылып отырды.
Бұған дейін Ресей ғарыш айлағы мен қаланы қамтитын, “Байқоңыр” кешенін жалға алуды 2050 жылға дейін созды. Жалға беру туралы шарт 1994 жылы РФ азаматтық және әскери зымыран-ғарыштық бағдарламаларын, РФ, ҚР және басқа елдердің бірлескен ғарыштық жобаларын, халықаралық бағдарламалар мен жеке жобаларды жүзеге асыру үшін жасалды.
Байқоңырдан ресейлік ғарыш әскерлерін ұшыру саны құпия ақпарат болып табылады.
Жалға алу төлемі жылына 115 млн $ құрайды. Ғарыш әскерлерінің ғарыш айлағынан кетуі және ұшыру санының өзгеруі жалға алу құнына әсер етпейді.
Ағымдағы жылы ғарыш айлағынан Ресей, Оңтүстік Корея, Египет, британдық және француз ғарыш аппараттарын ұшыру жүргізілетін болады. Барлығы 20-ға жуық ұшыру жүзеге асырылады.
Сурет: REUTORS