Факты истории

Республикалық жастар ұйымы жастарды Nur Otan праймериздеріне қатысуға шақырады

ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы Алматы филиалының басшысы Дилярам Әбдімитова еліміздің жастарын Nur Otan партиясының праймеризіне қатысуға шақырды. Бұл туралы caravan.kz жазады.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен белсенділерінің zoom-конференциясы барысында Әбдімитова Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау үшін партиялық тізімдерде 35 жасқа дейінгі адамдардың кемінде 20% болуы қажеттігін мәлімдеді.

«Қазақстандық жастарға берілген мүмкіндікті барынша пайдалану қажет. Елімізде біз үшін шексіз жағдайлар жасалуда», — деді Алматы филиалының басшысы.

Онлайн-конференцияға Нұр-сұлтан қаласының түрік этномәдени орталығының басшысы Әскер Пириев, саяси ғылымдарының докторы Наталья Калашникова, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков және басқалар қатысты.

Сурет: 24.kz

Ещё в ленте

Все новости