Ресейлік Санкт-Петербург қаласының соты метрополитендегі терракт туралы іс бойынша кінәлі адамдарды 2017 жылдың сәуір айында 19-нан 28 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Терракт салдарынан Қазақстан Республикасының азаматын қоса алғанда, 15 адам қаза тапты, ал зардап шеккендер саны 60-тан астам адамды құрады.
Жалпы сот он бір қатысушыға үкім шығарды. Терракт ұйымдастырушысы Аброр Акимов өмір бойы жаза алды. Сондай-ақ, барлық сотталғандарға 500-800 мың рубль айыппұл салынды.
Сот істің барлық мәнгерлері бір-бірімен таныс болғанын, телефон, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысты қолдайтынын анықтады. Олардың бірінің пәтерінде тінту барысында қолдан жасалған жарылғыш зат табылды.
Сурет: so-l.ru