Қазақстанға Ресейден келген қазақстандық студенттер Алматы облысында обсервацияға орналастырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ресей Федерациясының түрлі жоғары оқу орындарында оқитын Алматы облысының 102 студенті Томск – Алматы чартерлік рейсімен келді. Олардың барлығы арнайы автобустарда Қапшағай маңындағы демалыс аймағына жеткізілді және екі күндік карантинге қойылды»,-деп баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствода сондай-ақ, барлық студенттерден коронавирустық инфекцияға талдау жасалғанын атап өтті.
«Олар үшін санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып, барлық жағдай жасалған. Карантин аяқталғаннан кейін және талдау нәтижелері бойынша барлық студенттер облыс әкімдігі ұсынған арнайы автобустарда тұрғылықты жеріне жеткізіледі», — делінген хабарламада.




