Факты истории

Ресейде жиналған жаңа буындағы алғашқы тікұшақтар Қазақстанға жеткізілді

Ресей зауыттарында жиналған жаңа буындағы Ми-171А2 тікұшақтары Қазақстанның тапсырысы бойынша тапсырыс берушіге жөнелтілді. Ми-171А2 үшін бұл модель, бұрын шетелге ешқашан шығарылмағандықтан, өзіндік дебют.

«Бұл жеткізілім көрнекті болуға тиісті, Ми-171А2 халықаралық «мансабты» ашады», — деп хабарлады холдингтің бас директоры Андрей Богинский.

Қазақстандық тарап экспорттық келісімшартқа 2017 жылдың соңында қол қойды.

Ми-171А2 — Ми-8/17 типті машиналардың ең заманауи модификациясы. Тікұшақ сандық басқару жүйесі, жетілдірілген аэродинамикалық профилі және композиттік қалақтары, тиімді көтергіш жүйесі бар жаңа ВК-2500 қозғалтқышымен жарақтандырылады.

Қазақстандық тарап ресейлік «Ресей тікұшақтары» компаниясымен белсенді ынтымақтастықта. Өзара тиімді ынтымақтастық аясында ресейлік өндірушілер Алматыда тікұшақтарды құрастыру және оларға қызмет көрсету цехын ашады.

Сулет: helicopter.su

Ещё в ленте

Все новости