Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағы 1940 жылы кеңес-фин соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіруде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ақпарат ресурсы.
«Майдан жолының» командирі Александр Шитов Ленинград облысында «Советский патриот» іздестіру жасағы кеңес-фин соғысына қатысушылардың жерленген жерін тапқанын, олардың бесеуі біздің республикамыздың тумалары болып шыққанын айтты.
Солардың бірі — Нығмет Джамантаев. Іздеушілер оның 1918 жылы Қазақ КСР-і Райнарсуд ауылында дүниеге келгенін анықтады. Ол 1938 жылы майданға шақырылып, 1940 жылы қайтыс болған.
Кеңес-фин соғысына қатысқан тағы бір қазақстандық — Бекей Садуов. Ол 1917 жылы дүниеге келген, майданға шақырылғанға дейін Еңбекшілдер ауданының Юшмин колхозында тұрған.
Қалған үш жауынгер — Базарбай Мұхамбетов, Құрбек Серкбаев және Мұхамбет Амантаев. Олардың барлығы 1940 жылы 12 наурызда қайтыс болған.
Павлодар іздестіру жасағы осы жылдың 24 қазанында Кеңес-Фин соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтетінін хабарлау үшін қазақстандық батырлардың туыстарын іздестіруде,
Сурет: inform.kz




