Ресей сыртқы саяси ведомствосында Еуразиялық экономикалық одақ елдері көшбасшыларының, соның ішінде Қазақстан Республикасының, қатысуымен өтетін алдағы саммит туралы айтылды.
Ресей СІМ-де Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібіндегі басты мәселе коронавирус инфекциясының таралуымен күрес болатынын айтты.
Сонымен қатар, Ресейдің дипломатиялық ведомствосы ЕАЭО елдерінің саммиті ағымдағы жылдың 14 сәуірінде бейнеконференцбайланыс режимінде өтетінін атап өтті.
Бұл жөнінде ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович пікірін айтты. Оның айтуынша, ЕАЭО елдері көшбасшыларының қатысуымен бейнеконференция баспасөз үшін жабық режимде өтеді. Келіссөздер барысы туралы ақпаратты БАҚ өкілдері аудиожазбалар арқылы алатын болады.
Бұрынырақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына Қазақстан тарапынан премьер-министр Асқар Мамин қатысты. Бейнеконференция аясында одақ елдерінің министрлер кабинеттерінің басшылары коронавирус жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар пакетін мақұлдады.