Ресей Федерациясының сарапшылары індеттің таралуына қарсы әрекет етуге бағытталған Қазақстан қабылдаған шараларға баға берді, деп хабарлайды “Қазақпарат” ақпарат ресурсы.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының талдау орталығының директоры Андрей Казанцев Қазақстан басқару жүйесі аурулармен күресуде ғана емес, дағдарыста да өзінің тиімділігін көрсете білгенін атап өтті.
Қазанцев коронавирустың салдарын жоюға біздің еліміз 13,4 миллиард доллар бағыттағанына назар аударды, соның арқасында жұмыстан айырылған 4,2 миллион азамат нақты материалдық қолдау алып, 1,1 миллион адам азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілуде.
Халықаралық істер жөніндегі Ресей кеңесінің сарапшысы Никита Мендкович өз кезегінде Қазақстан Республикасы COVID-19 таралуының төмен деңгейін сақтап қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қабылданған әкімшілік және медициналық шаралар кешенінің арқасында жүзеге асты.
Жалпы ресейлік сарапшылар коронавирустық инфекцияға қарсы күреске бағытталған біздің республикамыз қабылдаған шараларды жоғары бағалады.
Сурет: eaomedia.ru