Волгоград облыстық өлкетану мұражайының директоры Анатолий Мальченко Алтын Орда мұрасын зерттеу жұмыстарының жоспары туралы айтты.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА хабарлады.
Анатолий Мальченконың айтуынша, Ресей
және Моңғол ғалымдары Алтын Орданың астанасы — Сарай-Берке қаласының орнында ауқымды зерттеулер жүргізу туралы ойлауда.
Ол археологиялық жұмыстар Ресейдің Волгоград қаласының маңында басталатынын және кейін ірі мұражай кешенін салу жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, директор ресейлік ғалымдар біздің Республикамыздың осы жобаға қосылғанына мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық археологтардың Сарай-Берке қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуге қатысқаны дұрыс болады.
«Біз, сөзсіз, осы жобада Қазақстанның болғанын қалаймыз.Сонда бұл көпжақты ынтымақтастықтың үлкен халықаралық жобасы болады. Сондай-ақ, біз осы салаға қызығушылық танытатын Татарстанның тарихшыларына жүгінеміз», — деді Мальченко.