Елордада Қазақстан денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы мен Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық сапа институты басшыларының кездесуі өтті.Онда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға сәйкес, ресейлік және қазақстандық сарапшылар медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасатын болады.
“Бұл өз бағытында “opinion leader” деп аталатын, сараптамалық бағалауды қалыптастыратын, қажет болған жағдайда сараптамалық бағалау жүргізетін Ресей мен Қазақстанның сарапшы ұйымдарының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығының басы. Бірлескен қызмет аясындағы екі елдің бұл тәжірибесі әрбір ел үшін ғана емес, бірыңғай экономикалық кеңістік үшін де пайдалы болады. Менің ойымша, Қазақстанның аккредиттеу жүйесін енгізу бойынша тәжірибесі Ресей тұрғысынан өте қызықты болады”, – деді Ресей ұлттық сапа институтының бас директоры Игорь Иванов.
Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстанның денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова Денсаулық сақтау министрлігінің реформалары және медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесі туралы айтты.
Сурет: Inform.kz