Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей премьер-Министрі Дмитрий Медведев бүгін телефон арқылы сөйлесті. Қоңыраудың бастамашысы қазақстандық тарап болды. Бұл туралы ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әңгіме барысында ҚР мен РФ Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында кеңейту мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.
Тараптар сондай-ақ «Байқоңыр» бірлескен кешенін одан әрі пайдалану мен дамытуды талқылады.