Омбы облысының губернаторы Александр Бурков ағымдағы жылдың 7 қарашасында Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтетінін хабарлады.
Оның айтуынша, екі бауырлас мемлекет басшыларының кездесуінде Қазақстан-Ресей шекарасындағы жаңа өткізу пункттері туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Александр Бурков Ресей экономика министрлігі мен Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі жаңа өткізу пункттерін қайта құру және салу жөнінде келісім әзірлеумен айналысып жатқанын атап өтті.
“Қазақстан – Ресей шекарасының ұзындығы бойына 30-ға жуық, мүмкін одан да көп, пункт қарастырылуда”, – деп толықтырды ол.