Астраханьда «Каспийдегі туристік жобаларды жүзеге асыру саласындағы аймақтық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты халықаралық сараптамалық кездесу өтті. Кездесуге журналистер, мемлекеттік билік, турбизнес органдары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары жинады. Бұл туралы eurasia-assembly.org ресурсы хабарлайды.
Турсаласындағы серіктестік мәселелері пандемиядан кейінгі ең өзекті мәселеге айналды, өйткені шекаралар жабық болғандықтан, туристік кластер назарды ішкі аумақтарға аудартты.
Мәжілісмен Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, індет пен мұнай бағасының құлдырауы Каспий елдерінің экономикасына әсер етті. Мұнда ауырғандар санының өсуі мен жұмыс орындарының қысқаруын қосуға болады.
«Осыған байланысты көптеген елдер өз саясатын қайта қарастырып, инвестицияларды бағыттауды қажет ететін экономика секторларын таңдауда. Қазақстан осыған байланысты маңызды заңнамалық қадамдар жасап жатыр. Туризм индустриясы экономикалық өсудің маңызды драйверлерінің бірі болып табылады», — деді ол.
Мәжілісмен Ресей мен Қазақстанның екі жақты қатынастарда да, «Каспий бестігі» желісі бойынша да айтарлықтай мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
«Жыл сайын, шекараның жабылғанға дейін, біздің өңірге Қазақстанның мыңдаған азаматтары медициналық көмек алу үшін келгенін білеміз. Астрахань облысына көршілес өңірлерден ғана емес, басқа облыстардан — Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан да келеді. Біз Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша қатынастарды дамытуға дайынбыз, ал туризм — бізді одан да мықтырақ байланыстыратын көпір», — деп түйіндеді Астрахань облысы Халықаралық байланыстар агенттігі басшысының орынбасары Илья Торопицын.
Сурет: eurasia-assembly.org