Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек еліміздің және Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлеп, Солтүстік Қазақстан облысында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басты артықшылықтары туралы айтты.
Дәурен Жандарбектің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы өңдеу ж
өнеркәсібін дамытуға, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өңдеуге мүдделі.
“Біз күнделікті халық пайдаланатын заттарды өндіру – қарапайым заттардың экономикасын дамытудамыз. Бұл бағытта Елбасының қолдауымен бағдарлама іске қосылып,бағытқа 600 млрд теңге бөлінді. Бағдарламаға шағын және ірі бизнес қатыса алады. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау жыл сайын артып келеді”, – деді ол.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан әкімінің орынбасары өңір облыстық арнайы экономикалық аймақтың дамуына ықпал ететін компанияларды тартуға қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Осыған орай, ол ресейлік компанияларға осы аймақта жұмыс істеуді ұсынды.
Дәурен Жандарбек Ресей компанияларымен бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарының бірі жаңартылатын энергия көздері саласы болып табылатынын айтты.
“Бізде шағын және орта бизнесті қолдау дамыған. Біз несие бойынша пайыздық мөлшерлемені 50%-ға дейін субсидиялай аламыз, мүліктік кепілдік беру кепілдігімен қамтамасыз ете аламыз, инфрақұрылымды өтеусіз бере аламыз. Компанияларды ынтымақтастыққа шақырамыз”, – деді әкім орынбасары.
Сөзінің соңында Жандарбек бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында ресейлік капиталы бар 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
Сурет: camonitor.kz