Бүгін Ресейдің “Патриот” конгресс-көрме орталығының аумағында “Армия-2020” халықаралық әскери-техникалық форумы басталды, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы Ресей әскери – техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің баспасөз хатшысы Мария Воробьева өз пікірін айтты.
Ол халықаралық форум аясында Ресей тарабы өзінің қазақстандық серіктестерімен әскери мақсаттағы өнімдерді жеткізу туралы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Мария Воробьеваның айтуынша, Ресей Армения және Беларусьпен де әскери өнімді жеткізу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.
“Армия-2020” форумы 29 тамызға дейін жалғасады. Оған екі қазақстандық кәсіпорын қатысады. Олардың бірі Киров атындағы зауыт, ол халықаралық іс-шарада өздері өндірген қорғалған ноутбуктері мен планшеттер ұсынады.
Қазақстан Республикасынан екінші қатысушысы “Тыныс” зауыты. Бұл кәсіпорынның басшылығы форумда ішкі істер органдары ведомстволарының қызметкерлеріне арналған авиациялық компоненттер мен жеке қорғаныс құралдарының үлгілерін ұсынады.