Факты истории

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Асқар Маминді Премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады

Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев Асқар Маминді премьер-министр жоғары лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дмитрий Медведев жаңа бекітілген Қазақстан Премьер-Министрін телефон арқылы құттықтады. Әңгіме барысында Ресей үкіметінің басшысы жаңа қызметте табыс тіледі және тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

Сонымен қатар хабарламада, саясаткерлер телефон арқылы сөйлесу кезінде, Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты бірқатар мәселелерді, соның ішінде болашақ кездесулер кестесі туралы да сөз қозғағаны айтылды.

Сурет: karelinform.ru

Ещё в ленте

Все новости