Біздің республикамыздағы Ресей елшілігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған жинақ шығарды. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.
Ресей дипломаты бұл жинақта Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі сипатталатынын айтты. Сондай-ақ, онда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар мен жобалар туралы жазылған.
Осы басылымда Бүкілресейлік “Жеңіс еріктілері” және “Ресейдің іздестіру қозғалысы” қоғамдық ұйымдары туралы ақпарат бар.
Алексей Бородавкин Қазақстандықтар, бұрынғы КСРО-ның басқа елдерінің азаматтары сияқты, гитлершілерді жеңуге баға жетпес үлес қосқанын мәлімдеді.
“Соғыс майданында 1 миллион 350 мың қазақстандық ерлікпен шайқасты, олардың жартысы жауға Отанымыздың ішіне қарай кіруіне жол бермей, ерлікпен қаза тапты”, – деді Бородавкин.
Дипломат Қазақстан Республикасы өз жерін фашис басқыншыларынан қорғаған жауынгерлер туралы естелікті құрметтейтінін атап өтті.
Сурет: sputniknews.kz