РФ Үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарларды экспорттық кедендік баждардан босатты, деп zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде алынған және кері экспорт рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасағаны үшін кедендік алымдар алынбайды деп белгіленсін, – делінген РФ үкіметінің қаулысында.
Қаулы жарияланған сәттен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.
ЕАЭО құрамына Ресей, Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан кіреді.