Үкімет басшысы Асқар Маминнің мәжілісмендердің сауалына берген жауабында Ресей тарапы ағымдағы жылы “Сағарчин” шекара пунктін қайта жаңартуды бастауды көздеп отыр. Бұл туралы kaztag.kz хабарлады.
“Шекараның екі жағынан өткізу пункттерін дамыту үшін Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресей Көлік министрлігінің басшылығы арасындағы шекаралық пункттердің жұмыс істеуі бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.
Осы жоспарға сәйкес, қазақстандық тарап БӨП қайта құру жол картасын әзірледі. Онда қайта жаңартуды орындаудың нақты мерзімдері мен қадамдары көрсетілген. Қазіргі уақытта бұл жол картасы РФ ИЖТМ-де қол қоюда. Жол картасына сәйкес, Ресей тарапынан “Сағарчин” бақылау-өткізу пунктін қайта құру осы жылға жоспарланып отыр”, – деп Мамин хабарлады.
Сондай-ақ, премьер-министр Ресей осы жол картасын бекіткеннен кейін барлық жұмыстар көзделген тәртіппен жүргізілетінін айтты.
“Инфрақұрылымды дамыту және Ресей Федерациясымен шекарадағы БӨП техникалық жарақтандыруды дамыту үшін 2020 жылдан 2025 жылға дейін 27 автокөлік өткізу бекеттерін қайта құру жоспарлануда”, – деп түсіндірді министрлер кабинетінің басшысы.
Ақпан айының басында Парламент Мәжілісінің депутаты Құралай Қаракен Асқар Маминге Ресеймен шекарада орналасқан “Жайсан” шекаралық өткеліндегі қиын жағдай туралы сауал жолдады. Депутат ағымдағы жылдың өзінде “Сағарчин” өткізу пунктін кеңейту бойынша жедел шаралар қабылдауға қолдау көрсетуді сұрады.