Қазақстанның Әскери-әуе әскерлерінің авиапаркі жаңа әскери тікұшақпен толықты. Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің батысында орналасқан Қазақстан ӘӘК авиациялық базасына қайта жарақтандыру аясында Ми-35М көпфункционалды төрт тікұшақ түсті.
Мамандардың айтуынша, бұл тікұшақтардың ұшу және техникалық сипаттамалары жоғары және кез келген ауа-райы жағдайында ауаға көтеріле алады. Сондай-ақ тікұшақтар жеке құрамды, науқастарды және жараланғандарды медиктің сүйемелдеуімен және әртүрлі жүктерді тасымалдай алады.
Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түріне қайта оқытудан өтті.
Тікұшақтарды жеткізу Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери және техникалық ынтымақтастық және Қорғаныс министрлігі мен “Рособоронэкспорт” кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.
Сурет: zakon.kz