Біздің елге Ресей Федерациясынан коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін қолданылатын тест-жүйелер жеткізілді. Бұл туралы regnum.ru ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тест-жүйелерді “Вектор” вирусология және биотехнология орталығының мамандары әзірледі. Ол Қазақстаннан басқа, Армения, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Қытай мен Иранға жеткізілді.
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері қазір Қазақстан осындай тест-жүйелермен толық қамтамасыз етілгенін айтты.
Сонымен қатар, ведомствода коронавирусқа жасалған талдау 2-4 сағат ішінде жүргізілетінін атап өтті. Бұдан кейін нәтижелер Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына қосымша зерттеуге жіберіледі.
Қазір 16 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда коронавирустық инфекцияны зертханалық диагностикалау жүргізілуде.
Сурет: tv2.kz