Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілдері Ресей Федерациясы біздің республикамызға COVID-19 тестілеу үшін реагенттердің үшінші партиясын жібергенін хабарлады.
Дипломатиялық өкілдіктің айтуынша, Ресей тарапы Қазақстанға коронавирустық инфекцияға тестілеуге 38 мыңнан астам реагенттер берді. Бұл қазақстандық денсаулық сақтау министрлігінің өтініші бойынша жасалды.
Елшіліктің ақпараты бойынша, Ресей Федерациясы жазға дейін коронавирусты диагностикалау үшін тағы бір топтаманы Қазақстан Республикасына жібереді деп күтілуде.
Індеттің таралу жағдайында Ресей біздің елімізге айтарлықтай қолдау көрсетуде. Бұған дейін ол Қазақстанға COVID-19 диагностикасына арналған 40 тест-жинақтарын және реагенттермен зерттеуге арналған 100 жиынтықты жеткізді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, біздің республикада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1977 оқиғасы ресми түрде расталды, олардың ең көп саны – 672 оқиға Алматыда анықталды. Сонымен қатар індеттің таралуын болдырмау үшін барлық шаралар қабылдануда.
Сурет: m.ru.sputniknews.kz