Мәскеу мемлекеттік әмбебап дүкенінде, біздің республикамыздың жаңа жылдық дәстүрлерімен танысуға болатын, жаңа жылдық шырша қойылды. Бұл туралы “Хабар24” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпараттық инсталляция Ресей Федерациясының бас универмагының келушілерін Қазақ Жаңа жылы туралы қызықты фактілермен таныстырады. Мысалы, Аяз атаның резиденциясы – Бурабайда орналасқан.
Сондай – ақ, бұл Жаңа жылдық шыршада 31 желтоқсанда қазақ отбасыларында, басқа да маңызды мерекелердегідей, бешбармақ – түркі тілдес халықтардың дәстүрлі еттен,ұннан әзірленетін тағамы туралы мәлімет алуға болады
Мәскеу сауда орталығының қонақтары осы ақпараттық инсталляцияның арқасында біздің дәстүрімізбен орыс және қазақ тілдерінде таныса алады.
Бауырлас мемлекеттің астанасында орналасқан мемлекеттік әмбебап дүкені қаланың бірнеше орамымен қиылысатын – ірі сауда кешені.
Бұл ірі сауда орталығының ғимараты 1893 жылы салынған федералды маңызы бар сәулет ескерткіші болып табылады және федералды меншікте.