Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердимен кездесу өткізді, ол өзінің АҚШ-қа сапары және сыртқы істер министрлерінің “Азия-Еуропа”форумына қатысуы туралы әңгімеледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тілеуберди атап өткендей, АҚШ – тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео екіжақты келіссөздер жүргізу барысында Қазақстан Америка үшін өңірлік қауіпсіздікті қолдау аясындағы аса маңызды әрі сенімді серіктес екенін ерекше атап өтті.
“Еуропа-Азия” форумын өткізу кезінде барлық қатысушылар Қазақстанның транзиттік әлеуеті өте жоғары екенін және дәл осы факт Азия мен Еуропа арасындағы көлік жолдарын дамытудың басты факторы болатынын атап өтті.
Сондай-ақ президент пен Сыртқы істер министрі келесі жылға арналған халықаралық күн тәртібін талқылады. Тоқаев біздің мемлекетіміздің халықаралық ұстанымына қатысты бірнеше тапсырма берді.
Сурет: pinterest.ru