9 маусымда тасымалдаушы компаниялар жергілікті тұрғындар үшін жол жүру ақысын алып тастайды,деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин жұмыс кеңесінде мәлімдеді.
Дереккөздің айтуынша, жексенбі, 9 маусымда Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде және қала маңында жол жүру ақысы алынбайды.
“Бұл сайлауға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындарына қолайлы болу үшін жасалады. Автобустар жолаушыларға сағат 07.00-ден бастап 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді”, – деп түсіндірді Шакир Кейкин.