Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық аймақтық бөлімшелердің ӨҚБ бастықтарының қатысуымен кеңес өткізді, онда өткен жылы өз қатарларында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомство басшысы ағымдағы жылы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмысқа ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Ел бойынша жеке құрам арасындағы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс деңгейі іс жүзінде үштен біріне қысқарды.
“Құқық қорғау органдарының қызметкерлері біздің халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп қызмет атқарады. Қазақстанның әрбір азаматы полицейдің қорғауында. Бұл үлкен жауапкершілік, бірақ бұл ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін ерекше мәртебе мен өкілеттіктер. Сондықтан мен өз қауіпсіздік департаментіне тек полицейлердің заңдылықты сақтауын ғана емес, сондай — ақ оларды қорғауды қамтамасыз етуді тапсырамын”, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.
Министр өз қауіпсіздік департаментінің ағымдағы жылғы басым міндеттерін анықтады: полиция тарапынан құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің алдын алу, өз қатарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сондай-ақ, жеке қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларына полицейлердің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қою тапсырылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан полициясы жұмысының сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін ІІМ-нің қоғамның сенімін нығайту бойынша шаралар қабылданғанын атап өту қажет.
Хабарламада айтылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетке баса назар аудара отырып, басшылық лауазымдарға үміткерлерге қойылатын талаптар артты. ІІМ кадр комиссиясы арқылы өткен 600 үміткердің 80 – і бас тартты. Барлық деңгейдегі басшылардың жағдайға да, жеке құрамға да жауапкершілігі күшейтілді.
Бұдан басқа, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейтуге, жұртшылықпен тікелей диалогты және кері байланысты қамтамасыз етуге шаралар қабылдануда.
“Еліміздің азаматтары ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүгінгенде, олар түсіністікті, өзіне деген адами қарым — қатынасты, ал олардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалатынына сенімді болуы үшін ең қатаң стандарттар мен талаптарды ұстану қажет”, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сурет: inform.kz