Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов біздің республикамызда онлайн-оқытудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі хабарлайды
“Онлайн-стриминг арқылы бүкіл ел көлемінде қосылу мүмкін емес, сондықтан тиімсіз. Көптеген ата-аналар қосыла алмады, байланыс үзілді. Жалпы біздің елімізде интернет 2,5 миллион бала тікелей эфирге шығып, онлайн-жүйе арқылы білім алу үшін бейімделмеген”,-деп түсіндірді министр.
Осыған байланысты, Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда сапалы білім беру үшін оқушыларға онлайн-стриминг арқылы сабақ ұйымдастыру қажет емес деп шешті.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің басшысы елімізде қашықтықтан оқыту “Күнделік” және “Білімлэнд” сияқты бағдарламалар арқылы жүргізілетінін атап өтті.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес қашықтықтан оқыту елімізде ағымдағы жылдың 6 сәуірінен басталады. Бұл төтенше жағдай режиміне байланысты жасалады.
Сурет: rusplt.ru