QR-кодтар қазақстандықтарға covid-19 вакцинациясынан кейін беріледі, деп Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Отандық мобильдік қосымшаны жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу бөлігінде толықтыру үшін» Ashyq «медициналық қосымшасымен интеграцияланатын» Egovmobile» мобильдік қосымшасын іске қосу жоспарланған», — деп Цой хабарлады.
Оның айтуынша, онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код арқылы тексеруге ұсыну үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер жинақталады.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша барлық шаралар қабылданғанын және 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация басталғанын еске салды.
«Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныс, сондай — ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті әзірленіп, бекітілді, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде», — деп Цой атап өтті.
Сурет: zakon.kz




