Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері өңірде әскерге шақырылушыларды еліміздің Қарулы Күштерінің жедел қызметіне жіберу жалғасуда деп хабарлады.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Талғат Әліқұлов 30 шақырылушы Алматыда десанттық-шабуыл әскерінде, 40 шақырылушы Қапшағай қаласында жедел әскери қызметтен өтетінін айтты.
Десант-шабуылшы әскеріне жедел қызметке түсер алдында әскерге шақырылушылар қатаң іріктеуден өтті, медициналық куәландыру және психологиялық тестілеу нәтижелері есепке алынды. Сонымен қатар, жақсы спорттық дайындығы бар шақырушылар басымдыққа ие болды.
“Біздің облысымыздың балалары әскери істің қыр-сырын танып білуге үлкен ықыласпен әскерге аттанады. Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Талғат Әліқұлов, жауынгер-интернационалист, десантшы, “Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі Александр Азегов, әуе-десанттық әскерлерінің ардагері Олег Сизов шақырылушыларға бата-тілектерін білдірді”, – деп хабарлады Қорғаныс істері жөніндегі департаменттен.